«Қарапайым халықпен келмедіңіз, тәкәппарлық па?»: Жазира Байырбековаға ауыр сын айтылды

Жаңалықтар
view 225
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде өзіне айтылған сынға жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі желі қолданушыларының бірі жазған пікірді бөлісіп, оған қатысты ойын білдірген. Желі қолданушысы әншіге:

«Қарапайым халықпен келгіңіз келмеді ме? Барлығы келіп жатыр ғой Қазақстан ұшағымен. Сіздікі тәккәппарлық па?» – деп жазған. 

Бұл пікірге қатысты Жазира Байырбекова шетелде жүрген жағдайда ұшақты таңдап міну мүмкіндігі бола бермейтінін айтты.

Өнер иесінің сөзінше, мұндай жағдайда адамдар қай ұшаққа орын берілсе, соған мінуге мәжбүр болады.

«Ол жерде ұшақты таңдап отырмайсың. Отырғызса, қуана мінесің», – деп жауап берді әнші. Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова шетелден елге аман-есен оралғанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *