Көші-қон үдерісі бақылаусыз қалып, жұрттың бәрі Астанаға ағылып жатыр - президент
Фотосурет: perspectum.info
Экономиканың нақты саласында жұмыс істеуге ұмтылған жөн. Осыған мемлекет қажетті жағдай жасауы керек. Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек. Оларға лайықты жалақы төлеу қажет. Бұл – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Бұл туралы мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында айтты.
Еңбек нарығын, әсіресе көші-қон мәселесін реттеу саласында есепке алудың орталықтандырылған жүйесі жоқ. Бұл жағдай осы саладағы болжау жұмысының сапасына және шешімдердің тиімділігіне кесірін тигізеді. Сондықтан Үкімет ел ішіндегі және шетелдегі көші-қон ағымының есебін жүргізетін бірыңғай цифрлық жүйе енгізуге тиіс.
Ішкі және сыртқы көші-қон үдерісінің бақылаусыз қалуы жұрттың бәрі тұрғысы келетін ірі қалаларымыздың инфрақұрылымына орасан салмақ түсіріп отыр. Астана – соның айқын мысалы. Соңғы үш жылдың өзінде елорда тұрғындарының саны 250 мыңнан аса адамға, соның ішінде былтыр 100 мың тұрғынға көбейді. Биылғы өсім онсыз да жоғары саналатын осы көрсеткіштен асып түсуі мүмкін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, елордада халық саны ресми түрде 1,5 миллион адам болғанмен, оның инфрақұрылымы іс жүзінде күн сайын 1,9 миллион адамға қызмет көрсетеді.
Пікірлер (0)