Қосшы қаласында салық қызметкері біреудің атынан несие рәсімдеген
фотосурет ашық дереккөзден
Ақмола облысы Қосшы қаласында прокурорлар салық қызметкері жасаған қаржылық алаяқтықты әшкереледі, деп хабарлайды janabastau.kz.
Ақмола облыстық Прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтауратып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.
«Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапқа тартылды», — деді ведомстводан.
Осы ретте, прокуратура қызметкерлері азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарынан сақ болуға шақырады.
Пікірлер (0)