Қосшы қаласының №42 үй тұрғындарының шағымы қаралды
Қосшы жаңалықтары
339
Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Ә. Қуатбеков және мәслихат депутаты Д. Райханова «Лесная поляна» ТА-да орналасқан №42 үй тұрғындарының шағымы бойынша барып, кездесу өткізді.
Кездесу барысында салынып бітпей жатқан балалардың ойын алаңы (алаң тек қоршаулы) , күтусіз қалған ағаш көшеттері, абаттандыру мәселесі сөз болды. Тұрғындардың айтуы бойынша үйлерге домофон қойылмаған, камералар орнатылмаған, прожекторлар жанбайды, үйдегі желдеткіштер жұмыс істемейді. Ал, МИБ (ОСИ) құру мәселесі кезек күтірмей шешуді қажет етеді. Тұрғындар тарапынан айтылған осы және өзге де мәселелер назарға алынып, қалалық әкімшіліктің құрылыс бөліміне депутаттық сауал жолданатын болады.Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қосшының соңғы қаһарманы
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда 1500 орындық заманауи мектеп салынады
Қосшы жаңалықтары
LRT мен индустрия: Қосшының болашақ бағыты
Пікірлер (0)