Қосшылықтар алғыс айту күнін атап өтті

Жаңалықтар
view 128
news

Көктемнің алғашқы күні, 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл мереке елімізде 2016 жылдан бастап тойланып келеді. Алғыс айту күні – мейірімділік, достық, азаматтардың бір-біріне ризашылығын білдіруі, өзара көмек көрсетуі секілді адами құндылықтарды дәріптейді. Алғыс айту күні қазақстандық бірегейлікті және халық бірлігін нығайтуға бағытталған шаралар өтеді. Бұл күні тақырыптық іс-шаралар, форумдар, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылады. Жыл сайын мерекенің тарихы жаңа оқиғалармен толықтырылып, уақыт өте келе, бұл мереке де бүкіл халық асыға күтетін, сүйікті мейрамдардың бірі болады. Бұл күн – тарихты, отбасының, елдің тарихын есте түсірудің бір себебі. Осы күні адамдар бір-біріне, ата-аналарына, балаларына алғыс айтып, бірлесіп өткізген уақыттарын еске алып, уақытын отбасымен және достарымен бірге өткізеді. Бір сөзбен айтқанда, алғыс айту күні – адамдардың бірбірімен достық, туыстық, жағымды қарым-қатынас орнатуға бір қадам жасауы. Алғыс айту күнінде жанжалдасып қалғандар татуласып, бір-бірінен кешірім сұрап, айналасындағыларға алғыс айтулары керек. Қазақ атам заманнан кеңпейілдігімен, өр жомарттығымен аты шыққан дана халық. Қазақстан сонау зобалаң заман жылдарында тағдыр тәлкегіне ұшыраған талай ұлтты өз бауырына басып, өзім деп қабылдаған ел. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін талай қиындықты бастан кешсе де, басына күн туған өзге ұлт өкілдеріне қамқор бола білді. Қосшы қаласында осы мерекеге орай қала әкімдігі «Қоржын» акциясын бастады. Мерекені тойлау кезінде Аналар кеңесі, Отбасы қолдау орталығы, Тайтөбе мәдениет үйі мамандары Қосшы қаласы және Тайтөбе ауылының әртүрлі санаттағы тұрғындарына тәтті салынған қоржын сыйлап, Алғыс айту күнімен құттықтады. «Қоржынға» «Дара» бизнес академиясы мектеп лицейіндегі «Сырғалым» қыздар клубының мүшелері арнайы қоржындар тікті.

Гүлназ БИСЕН

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *