Қазақ халқының дәстүрлі, ақыл-ойдың дамып, логиканың жақсаруына үлес қосатын ойындарының бірі – тоғызқұмалақ. Төрт мың жылдық кезеңді қамтитын тарихы терең ойынның мән-маңызы әлі күнге дейін жойылған емес. Аңызға сүйенсек, тоғызқұмалақты ен далада мал баққан қойшылар ойлап тапқан екен. Қойдың құмалағын пайдаланып, жерді қазып, ұяшық жасаған қойшы аталарымыз ойынның мұншалықты дамып, танымал боларын білмеген де шығар.
Зерттеуші А.Бейсенбаев 2017 жылдан бері тоғызқұмалақ арқылы цифрсіз есеп шығару кілтін ұсынып, насихаттап жүр екен. Мәліметтерге сүйенсек, Қырғыз елінде тоғызқұмалақтан олимпиада өтеді, ал Қытай мен Қарақалпақстанда ол туралы ғылыми еңбектер мен кітаптар жарыққа шығыпты. Еуропаның бірнеше елінде осы ойынды үйретер үйірмелер ашылған екен. Соның бірі Қосшы қаласының Жастарды қолдау орталығы мен Ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен ниет білдірген жастар арасында сайыс ұйымдастырылды. Жүзден жүйрік атану үшін барын салған балалар қазандығын құмалақпен толтырып, алдыңғы орыннан көрінуге тырысты. ҚР Орталық комитетінде қорғаушыларды ұлықтау, Ұлт бірлігі комиссиясының, ардагерлер кеңесінің мүшесі Сағидулла Жанділдин – «Ұлттық ойынымыздың ұлықталып жатқанына ризамыз.
Біздің елдегі ұлттық ойынның ахуалы қалай, тарқатып айтсақ. Республикамызда тоғызқұмалақтың жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғызқұмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атауға болады екен. Бұл да болсын талай жылдан бергі еңбектің нәтижесі. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғызқұмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғызқұмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғызқұмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді екен. Соның бірі – Қосшы қаласының Жастарды қолдау орталығы мен Ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен ниет білдірген жастар арасында сайыс ұйымдастырылды. Жүзден жүйрік атану үшін барын салған балалар қазандығын құмалақпен толтырып, алдыңғы орыннан көрінуге тырысты. Қыздар арасында үшінші орынды қанағат тұтқан Дильназ Зайдулла, екінші орын тұғырынан көрінген Айша Қиясбек, бірінші орын иегері Жұлдызай Әмірзада. Ал жігіттер арасынан Алмас Емелхан үшінші орын тұғырынан көрініп, Мирас Әмірзада екінші орынға лайық ойын көрсетсе, қанжығасы бірінші орынмен майланған Арон Мұхамеджанов болды. ҚР Орталық комитетінде қорғаушыларды ұлықтау, да пайдасы зор. Жастар мен ардагерлер, бапкерлер болып бірігіп, оқушылардың арасында өткізіп жатқан жайымыз бар. Қосшы қаласында дамытуды мақсат етеміз. Қазақтың ұлттық дүниесі қашанда дамуы керек. Мен, тіпті оны мектеп бағдарламасына енгізгенін құптар едім. Ұлттық бренд болып қалыптасу жолында еңбек ету керек. Жеңіс тұғырынан көрінер жастарымыз көбейсін!» Ұлттық ойынды ұлықтаған бұл күні оқушылар оюы жарасқан тақия мен қамзолын киіп, байсалды мінез танытты. Ал ұйымдастырушылар мұндай сайысты алдағы уақытта да кең көлемде, жиі ұйымдастыруға мұрындық болатындығын айтып тарасты.
Гүлназ БИСЕН
Пікірлер (0)