Мүгедектігі бар адамдарға қолдау және мемлекеттік шаралар

Жаңалықтар
view 358
news

Ақмола облысы Целиноград ауданы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің ақпараты бойынша Қосшы қаласында мүгедектігі бар 361 адам тіркелген. Оның ішінде 1 топ - 53, 2 топ - 110 , 3 топ – 120 және мүгедектігі бар балалар саны - 78. «Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не мүгедектігі бар адамдарға жыл басынан бері 242 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың ішінде: санаторийлік-курорттық емделуге 74 өтініш түсті: 70 адам санаторийлік-курорттық емделуге барып келсе, қалған 4 ем алуда.

2023 жылдан бастап, мүгедектігі бар балаларды алып жүретін заңды өкілдердің біріне санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде мемлекет тарапынан кепілдендірілген соманың 70%-ын мемлекет өтеп береді. Міндетті гигиеналық құралдармен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен 63 мүгедектігі бар адамдар қамтамасыз етілді. (жөргектер, несеп-жыныс, нәжіс қабылдағыштар, жаялықтар, стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик, стома айналасындағы теріні қорғауға және күтуге арналған қорғаныс кремі, стома айналасындағы теріні қорғауға және күтуге арналған сіңіргіш ұнтақ (опа), иісті бейтараптандырғыш, стома айналасындағы немесе сан аралығындағы теріні күтуге және тазалауға арналған теріні тазартқыш, катетер); протездiк-ортопедиялық көмекпен (ортопедиялық аяқ киім (жазғы, қысқы, ересектерге және балаларға, тутор, тросттар) 18 адам қамтамасыз етілді. Тифлотехникалық құралдармен (Сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, оқу машинасы, Брайль жүйесі бойынша жазу құралы, дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефон, дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейер, нашар көретін адамдарға арналған сағаттар, тифлотрость) 6 адам қамтамасыз етілді. Арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (балаларға арналған бөлме/ серуен кресло-арбасы, балаларға арналған көп функциялы әмбебап кресло-арба) 15 адам қамтамасыз етілді. Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап жартылай стационарлық жағдайда 15 мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. 2023 жылдың ақпан айынан бастап Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылдарының аумағын қамтитын «Инватакси» қызмет етуде. Жыл басынан мүгедектігі бар адамды жұмысқа орналастыру бойынша 5 адам жоспарланған, бүгінгі күні 16 адам жұмықа орналастырылған, оның ішінде 12-сі тұрақты жұмысқа тұрса, 2 адам уақытша жұмыс орнына орналастырылып, 2 адам бизнес идеяларын іске асыруға грант алған. Айта кетейік, 1 шілдеден бастап мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 14,5%-ға артты. Әлеуметтік кодексте мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының мәртебесі, олардың негізгі ережелері, құқықтары мен міндеттері бекітілді. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының құзыретіне мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қамтамасыз ету, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнаманы сақтау, әлеуметтік төлемдерді уақытылы және дұрыс тағайындау, мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді алушыға уақытылы және толық аударуы бөлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жатады. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады. Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 338 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 41,8 млрд млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 538 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 186 мың адамды құрайды. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады. А с ы р а у ш ы с ы н а н а й ы р ы л у жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады. Сонымен қатар мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5% - ға өсті, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап орташа есеппен 14,5% - ға қосымша арттырылды. Мәселен, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін 89 248 теңгені, 2-топ үшін – 71 398 теңгені, 3-топ үшін – 48 681 теңгені құрайды. Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Биылғы 8 айдағы жағдай бойынша 95,1 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 61,4 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды. Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру. Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады, сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің шешімімен олардың мөлшері 8,5% - ға ұлғайтылды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 45 654 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 50 012 теңгені құрайды Бұған қоса, 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты. Мүгедек адамдар нені білуі керек Мүгедектерді жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту саласында қызмет түрлерін, оның ішінде еңбек, кәсіби даярлық және қайта дайындық, еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмысқа орналасуға еркін таңдау құқығы бар. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 -бабының 6 - тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу жолымен халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Квота төмендегі жұмыскерлердің тізім санымен жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен белгіленеді: жұмыскерлердің тізім санымен 2% мөлшерінде – 50-ден 100-ге дейінгі адамдар; жұмыскерлердің тізім санымен 3% мөлшерінде – 101-ден 250-ге дейінгі адамдар; жұмыскерлердің тізім санымен 4% мөлшерінде – 251-ден жоғары адамадар. Сонымен бірге мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектердің саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді. Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектер болмаған кезде, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді. Осы квота зейнет жасындағы тұлғалар үшін рұқсат етілмейді. Мүгедектігі бар жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға медициналық қорытындыға сəйкес денсаулық жағдайына байланысты мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Мүгедектігі бар адамдар үстеме жұмысқа жіберілмейді. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мүгедек адамдар халықтың басқа да осал топтарымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан басым тәртіппен өтуге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеусіз негізде грант алуға құқылы, субсидияланатын және субсидияланатын қызмет түрлеріне жұмысқа орналасады. Жұмыс орындары (әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындары, жастар практикасы). Мүгедектігі бар адамға жоғарыда көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын алу үшін тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.

Би-Барыс КӨКШЕ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *