Жаңа оқу жылында 4 000 орындық 6 мектеп ашылды. Өтеміс ауылында 120 орындық, Целиноград ауданының Жаңажол ауылында 80 орындық жаңа ғимараттар бой көтерді. Көкшетауда Красный Яр тас жолындағы 312 орындық оқу-тәрбие кешені құрылысы аяқталды. Қосшы қаласында 1 200 және 1 500 орындық екі бірдей жаңа мектеп ашылды. Жыл басында өңірде 5472 орындық 14 мек тептің құрылысы басталған. Олардың дені 2024 жылы пайдалануға берілуі тиіс. Жыл соңына дейін оның алтауын пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа құрылыстар негізінен елорда маңындағы Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандары және Қосшы қаласында орналасқан. Жаңа оқу жылында 4 000 орындық 6 мектеп ашылды: Өтеміс ауылында 120 орындық, Целиноград ауданының Жаңажол ауылында 80 орындық жаңа ғимараттар бой көтерді. Көкшетауда Красный Яр тас жолындағы 312 орындық оқу-тәрбие кешені құрылысы аяқталды. Қосшы қаласында 1200 және 1500 орындық екі бірдей жаңа мектеп ашылды.
Облыстық Білім басқармасының материалдық-техникалық базаны дамыту және нығайту бөлімінің жетекшісі Әсет Дүйсембаевтың айтуынша, жаңа мектептердің салынуы облыста үш ауысымды оқытуды жоюға септігін тигізеді. Өткен жыл соңында ҚР Үкіметінің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі талқыланды. Оның нәтижесінде көп жылдар бойы шешімін таппаған өткір проблемалар – апатты, үш ауысымды мектептер және орын тапшылығы толық жойылуы тиіс. Жаңа жайлы мектептердің ерекшелігі, олар ауылдарда да, қалаларда да бірыңғай стандарт бойынша салынатын болады. «Мысалы, бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратының жекелеген блоктарында оқитын болады. Олардың әрқайсысында өздерінің оқу сыныптары, спорт залдары, дәретханалары болуы тиіс. Қауіпсіздік шараларын арттыру үшін бейнебақылау, дыбыстық ескерту жүйелері орнатылады», деп түсіндірді Әсет Дүйсембаев.
Оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдары, ауыстыратын киімдерді сақтауға арналған жеке шкафтар құрастырылады, кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына жағдай жасалады. «Мұндай мектептер ең заманауи физика, химия, биология, робототехника кабинеттерімен жабдықталады. Тouch экрандары орнатылады, ол оқу орнының кез келген жерінен жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға мүмкіндік береді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қажетті жағдайлар жасалуы міндетті. Спорт залдардың жетіспеушілігі мәселесі шешіледі, оқушылардың жасына байланысты олардың саны да артады. Жаңа мектептерде педагогтер үшін барлық жағдайлар жасалады: мұғалімдерге арналған кабинеттер интернетке қосылған компьютерлермен жарақтандырылады, қосымша оқыту немесе кеңестер өткізу үшін кәсіби аймақтар, залдар жабдықталады», деп толықтырды маман.
Ауылдық жерлерде жайлы мектептер community-орталықтар рөлін атқаратын болады және балаларға еңбек дағдыларын сіңіретін ресурстық орталықтарға айналады. «Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы биылдан бастап іске асырылады. Өңірде 2025 жылға дейін 26,5 мың оқушыға арналған 20 мектеп салу жоспарлануда. Биыл 10 мектептің құрылысы басталады, нысандар 2024 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде. Оқу ғимараттарының негізгі үлесі елордалық аймақтар – Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандарында және Қосшы қаласында салынатын болады», дейді Әсет Дүйсембаев.
Ақмола облысында ұлттық жоба аясында 2023-2025 жылдар аралығында салынатын мектептердің тек жартысы келесі жылдың соңына дейін қолданысқа тапсырылмақ. Болашақ оқу орындарының жер учаскелері дайын, құрылысқа әзірлік жұмыстары да толығымен аяқталған. Кең көлемді құрылыс жұмыстарына мердігерлер жайлы мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік экспертизадан өткен соң кіріседі. Қазір Үкіметтің жаңартылған қаулысында жобалау тапсырмасына енгізілген өзгерістерге сай ЖСҚ толықтырылуда. Сондай-ақ сметалық есептемеге сай оптимизациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Яғни жайлы мектеп қабаттарының және жертөлелерінің биіктігі, қасбетіне арналған материалдар қайта қарастырылған болатын. Дайын ЖСҚ «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жобалаушыларының жіті тексерісінен өткен соң, «Мемсараптама» РММ электронды порталына жүктеледі.
Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов бастысы – құрылыс жұмыстарын уақытылы жүргізуге мүмкіндік беретін сапалы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет екенін атап өтті. Отырыс барысында инженерлік коммуникацияны тарту, суағарлар, септик пен су ұңғымаларын жасау мәселесі де көтерілді. Әрі резервуарлардың көлемін де қажеттілікке байланысты анықтау қажет. Жергілікті атқарушы орган өкілдері аталған сұрақтарды қарастырып, бірнеше шешу жолын «SamrukKazyna Construction» АҚ өкілдеріне талқылауға жолдайтындарын айтты. Кейін шаруаны жүргізу үшін қаражат көзі анықталатын болады. Сөз соңында Марат Ахметжанов әкімдік тарапынан ұлттық жобаны жүзеге асыруға қажет қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Елімізде қазіргі таңда 270 мың жаңа студенттік орын тапшы екені белгілі. Ал тиісті шаралар қолға алынбаса, 2026 жылға қарай студенттік орын тапшылығы 1 миллион межеден асады. Ұлттық жоба аясында апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және тапшылықты жою үшін 401 жайлы мектеп салынатындығы айтылған. Сондай-ақ 2024 жылы 226, ал қалған 175 мектеп 2025 жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл жайында баспасөзге берген сұқбатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «АМАНАТ» партиясының депутаты Альберт Рау «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының білім саласына ғана емес, экономика мен отандық өндірісті нығайтатыны туралы айтады. «Өздеріңіз көріп отырғандай, елімізде студенттерді орынмен қамтамасыз ету жағдайы оңай емес.
Сондықтан жобаны дереу жүзеге асыру керек, жағдайды түбегейлі өзгерту үшін батыл әрекет ету керек. Осылайша, біз сандық және сапалық көрсеткіштерді арттыра отырып, білім саласын жаңа деңгейге шығарамыз. Өйткені мектептер елордада да, облыс орталықтарында да, қалалар мен аудандарда да салынады, сонда бұл барлық басқа мектептер тең болатын белгілі бір стандарт болады. Жобаны жоғары деңгейде жүзеге асыруды жеделдету мақсатында кадрлық әлеуеті мен тәжірибесіне сүйене отырып, оны жүзеге асыруды «Самұрық-Қазына Құрылыс» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на тапсыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ біз көптеген процедураларды, соның ішінде келісім-шарттарды жасауды жедел орындауға болатынын заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Бұл өзін ақтады, өйткені барлық жұмыс аудан әкімдіктеріне берілсе, онда жиі орын алатындай жарыстар мен құрылыстардың тоқтау қаупі болуы мүмкін. Мұнда жобаны басқару болады, барлығын бір орталықтан анық байқауға болады. Бірақ екінші маңызды аспект бар. Кез келген елде қандай да бір ауқымды жобалар жүзеге асырылған кезде оның экономикаға, ұлттық бизнеске әсері болуы керек.
Осы жерде 29 наурызда Парламент сессиясын ашқан ел Президентінің бюджеттік жобаларды бірінші кезекте жергілікті кәсіпкерлер жүзеге асыруы керек деген сөзін келтіргім келеді. «Атамекен» ҰКП және отандық бизнес бұл жобаны қазақстандық кәсіпорындардың әлеуетін іске асырудың тамаша мүмкіндігі деп санайды. Бұл құрылыс және өңдеу секторларының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірісті кеңейтуге және жаңғыртуға және мемлекеттік бюджетке төлем түсімдерін арттыруға мүмкіндік беруі тиіс», дейді Альберт Рау.
Мәжіліс депутатының пікірінше, отандық өндірушілер мектептерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге дайын. Өйткені Қазақстанда ынтымақтасуға және мектеп құрылысына отандық өнімді жеткізуге дайын тауар өндірушілердің саны жеткілікті. « Қ а з а қ с т а н д а ғ ы т ұ р ғ ы н ү й құрылысының ауқымын ескере отырып, құрылыс индустриясы, онымен бірге құрылыс материалдарының өндірісі де қарқынды дамып келеді. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы құрылыс материалдары нарығының көлемі 1,6 трлн теңгені құрады, оның 64%-ы отандық өндірушілерге тиесілі. Құрылыс материалдарын ғана айтатын болсақ, бізге қажеттінің бәрі өз елімізде шығарылады, ал оны шетелден сатып алудың мәні жоқ. Арматура жасаймыз делік, цемент жасаймыз, қаптау материал да жасаймыз. Ақырында, Қызылордадағы шыны зауытымыз іске қосылды. Ғимараттың өзін, соның ішінде терезе профильдерін алсақ, онда мұның бәрі осында жасалады. Отандық өндірушілер мектептерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге дайын. Мысалы, барлық 401 мектептің жиһазына деген қажеттілік 1,5 миллион бірлікті құрайды. Отандық тауар өндірушілер бұл көлемді 100%, тіпті одан да көп қамтуы мүмкін. Егер олар бірдеңе істей алмаса, кепілді сатылыммен олар оны өндіру үшін қосымша жабдықты сатып алуға дайын», дейді Мәжіліс депутаты. Депутаттың сөзіне сүйенер болсақ, құрал-жабдықтарды жеткізуде біздің кәсіпорындар 40 пайызын ғана қамтамасыз еткенімен, көлемін арттыруға болады.
Би-Барыс КӨКШЕ
Пікірлер (0)