Өскелең ұрпақты биік мұраттарға жетелейтін білім ордасы
Жаңа оқу жылында Қосшы қаласында теңдесі жоқ білім ордасы қолданысқа берілген болатын. Мұнда баланың жақсы білім алып, ақпараттық заман талабына сай жетілуіне бар мүмкіндік жасалған. Аз уақыт аралығында ұстаздар мен оқушылардың жеткен жетістіктерін, білім саласындағы оң өзгерістері мен жаңалықтарын мектеп басшысы Дидар Асқарқызымен сараптап көрген едік.
– Ұстаздардың білімін жетілдіру бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
– Ұжымда педагогика саласында еңбек еткен ұстаздар, дегенмен дайындығымыз әртүрлі және әр қилы бағытта болды. Мектеп -гимназиясында ұжымдастыру бір миссияда жұмыла жұмыс жасауға бағытталған тренинг, коучинг, оқыту семинарлары жиі ұйымдастырудамыз. Қай елдің болмасын болашағы өскелең жастарға байланысты екені даусыз. Ал жастардың болашағы сапалы білім беретін ұстаздың қанжығасында. Сондықтан білімнің сапалы түрде берілуі білімді ұрпақ үшін өте маңызды. Қазіргі таңда білімді беру саясатында өзгерістер бар, білім беруді үйрету оны қайта сұрау әрекетіміз өзгеруде, білімді қалай, қайдан алуға болады деген сұрақ жауап алу үшін алдымызға келген білім алушыларды дұрыс бағыттап отыру үшін зерттеу саласы қарқын алуда. Іс -әрекеттегі зерттеу (Action Research), сабақты зерттеу (Lesson Stud) тәсілдері арқылы сабақ беруге оқу семинарлары өз нәтижесін беруде. Білім алушыларға жайлы ортаны қалыптастыра отырып белсенді оқыту тәсілдерін қолдану, білім алушы оқу іс - әрекеті үдерісінде кері байланыс беріп, рефлексия жасауға, академиялық адалдыққа баулу басшылыққа алынады. BINOM SCHOOL желісі педагогтерінің кәсіби дамуы аясында MentorEd International Pte Ltd директоры Лилия Мұхаметшинамен әдістемелік коучинг өтті. Сондай-ақ «Кәсіби даму жоспарын құру», «Белсенді оқыту әдістері», «Китериалды бағалау», «Lesson Stud» сияқты оқу курстарын Баянғали Ғалымжанұлы - Евразия гуманитарлық институтының аға оқытушысы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері докторант, тренері әр жұма күндері үздіксіз қолдау жасап, жүргізіп келеді. Бұл біздің біліміміздің жетілуіне үлкен серпілдіс әкелді деп айтуға болады.
– Ата-анамен байланыс жұмыстарын қалай жүргізесіздер?
– Мектебіміздегі 2023-2024 оқу жылы тәрбие жұмысы келесідей 3 құндылықпен тәрбие жұмысын жүргізіп келеді. Ол құндылықтың негізгі бағыттары – ар-ұят, талап, ұлттық мүдде. Осы негізде «Тоғыз ай – 9 іс-шара», «4 тоқсан – 4 өнер», «Оқуға құштар мектеп», «Жүз ән», «Аптаның 5 күні 5 тақырып» сынды жоба жұмыстары кіріктірілген 3 құндылыққа шоғырланған жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Ал ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылы негізінде тәрбие міндеттерін іске асыру мақсатында мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы», «Даналық мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар клубы» құрылған. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқытуда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде білім алушылардың бойында адами қасиеттерді қалыптастыруға басымдық береді. Сондықтан білім берумен қатар оқушыларды тәрбиелеу, құқықбұзушылықтың алдын алу маңызды. Осы бағытта ата-аналармен бірлесіп оңтайлы нәтижеге жетеміз деген үміт басым. Мектебіміздің әрбір іс-шарасына бір кісідей атсалысып, қолынан келгенше көмек беріп, баланың болашағы үшін бірлесе жұмыс жасауға әзір тұрар ата-аналардың бар екендігі қуантады. Бұл әр баланың болашағы үшін өте маңызды қадам.
– Оқу жылының алғашқы екі тоқсанында жеткен жетістіктеріңізбен бөлісе отырсаңыз?
– Жаңа оқу жылы, жаңа білім ордасына көз тігіп, назар аударып, біліміміз бен біліктілігімізді сараптай қарап отырған қырағы көзді мамандар баршылық. Бірақ қандай сынақ, қандай дода болсын «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген бастамамен алдыңғы қатардан көрінген шәкірттеріміз аз емес. «Менің Отаныма – менің бастамам» Республикалық шығармашылық жоба байқауы, облыстық кезеңінен 10 Ә сынып білім алушысы Қарақат Бердібек жүлделі ІІІ орын алып, бізді бір қуантып тастады. Жеңісте жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Айнұр Ержанқызының да еңбегі зор. Бұдан бөлек Көкшетау қаласында Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасымның байлығы – тілдік капитал» атты қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген отбасылар арасында өткізілген облыстық байқауда Тасболатовтар отбасы жүлделі І орынға ие болды. Жеңімпаз отбасына жүлде қоры 200 мың теңгені құрайтын «МЕЧТА» дүкендеріне тауар сертификаты берілді. «Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасы аясында қалалық айтыста 10 Б сынып оқушысы Арайлым Тұралы ІІІ орынды қанжығасына байлап қайтты. Ыбырай Алтынсарин атындағы Бином мектеп-лицейінің 1 жылдығына орай ұйымдастырылған ұлдар арасында волейболдан қалалық турнирде жүлделі І орынды Қосшы мектеп-гимназиясы иеленгендігін мақтанышпен айта аламыз. Бұдан бөлек «Қосшы – мақтанышым» атты қалалық флешмобта мектебіміз І орын тұғырынан көрінді. Ал Қосшы қаласы әкімі кубогы үшін қалалық Жайдарман ойынында мектебіміз І орын жүлдесіне ие болды. Аталған жетістіктер әзірге тек бастамасы деп сенеміз. Білім мен спорт додасында шәкірттеріміз әлі де биіктен көрінеріне сеніммен қараймын. – Әңгімеңізге рақмет, білім саласындағы еңбегіңіз жемісті болсын! Сұхбаттасқан
Гүлназ БИСЕН
Пікірлер (0)