"Көз алдымда солғанда қолымнан еш шара келмеді": Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімов туралы толғанды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 782
news

Фотосурет ашық дереккөзден

КСРО Халық әртісі, қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова 2021 жылы Stan.kz-ке берген сұқбатында бұрын-соңды ел естімеген жайттарды ортаға салып, тау тұлғаның тауқыметті тағдыры туралы айтқан еді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

"Майра апайды Асекең үлкен құрметпен еске алады. Еңбек сіңірген қайраткер бола тұра, әншілік өнерін тұншықтырып, отбасын бірінші орынға қойған. Майра жақсы болғандықтан мен үй шаруасына араласқан жоқпын. Соның арқасында осындай жетістікке жеттім деп алғысын айтып отырады. Асекең, "Әттең, жұмыс деп жүріп, балаларыма көп көңіл бөле алмаппын, неге көбірек еркелетпедім, неге құшақтап отырмадым" деп қазір өкінеді … 

Мәди – үлкен баласы, тұйықтау болған. Ол панкреатит болып, отадан кейін оңала алмай 4 ай ауруханада жатып көз жұмған. Асанәлі ағаларың "көз алдымда солғанда қолымнан еш шара келмеді" деп қиналады. Бұл кісінің де жанына бататыны да сол – бір жылда екі баласынан айырылып қалуы. Жылдың басы қаңтар айында Мәдидің, ал сол жылдың қараша айында Сағидың өмірден өтуі есеңгіретіп жіберген. Сағидің бұрынан жүрегі ауыратын. Сол күні өзі отбасы жанұясы бола тұра келіп апаның жанына жатады. Содан оянбаған. Осы уақытқа дейін неге емделмеді, неге айтпады – жұмбақ. Ақкөңіл бала айтпай жүре берген, кейін қайтқаннан кейін бір кездері инсульт алғанын анықтадық. 

Мәдидың ауруханада төрт ай жатқанын, жағдайының жақсармағанын көріп, Асекең өзін іштей дайындаған болуы керек. Ал Сағидан бір түнде айырылып қалғанда, "табаным астындағы жерді сезбей қалдым" дегені бар. Асанәлі ағаларың іші өксікке толып, күйік кернеп кеткенде Теренқұрмен жоғары шығып, тау жаққа айқайлап-айқалап келеді екен", – деді Бағдат Әшімова.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *