«Күйеуді өзіңнен артық сүю керек»: әнші Тамара Асардың пікірі қызу талқыға түсті

Жаңалықтар
view 169
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әнші Тамара Асар Din Dina show бағдарламасында  ер адам қандай болу керегін айтты, – деп хабарлайды  janabastau.kz.

«Ер адам болу іш пыстырады. Себебі ол тамақ пісірмейді, себебі пісіретіндер бар. Ер адам не істеу керек? Ер адам ақша табуы керек. Ер адам жауға шабуы керек. Жауды қайдан табасың, бейбіт күнде? Кіммен барып соғысасың? Өзінің табиғатында қан көру керек. Ол қазір басқа формаға айналып бара жатыр. Себебі өзінің табиғатынан алыстап кетті. Ал алыстаған кезде ол жалғызсырайды, ол жылағыш болады. Ол бала кейпіне түсіп кетеді. Ер адам еркіндікпен әйелінің қасында болуы керек. Жауға шаппаған ер адамды әйелі артығырақ сүюі керек. Сонда ол ер адам табиғатынан алыстамайды», — дейді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *