Күш жігері күшті жандар марапатталды
Жаңалықтар
131
Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 851 тексеру жүргізді.
ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді.
Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 851 тексеру жүргізді, оның 434-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 417-сі жоспардан тыс тексерулер болды. Мүгедектігі бар адамдардың халықаралық күні – мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелерімен қатар, олардың толыққанды өмір сүруі мен дамуына жағдай жасау қажеттілігіне баса назар аударуға арналған. Атаулы күнге орай, Қосшы қаласындағы спорттың дамуына белсене атсалысқан мүмкіндігі шектеулі жандар қала әкімінің алғыс хатына ие болды. Адамдар мүгедектігіне қарамастан, қоғамда толыққанды өмір сүруге құқылы және қолайлы орта туғызу баршаға ортақ міндет. Оны шешу неғұрлым әділ және тең құқықты қоғам құруға мүмкіндік береді.
Пікірлер (0)