Жырымдап жеуге жол берілмейді
Жаңалықтар
63
Мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылынып жатқан жобаларға кім жауапты?
Бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар қарастырылынып жатыр. Жаңашылықтардың бірі – қоғамдық мониторинг енгізу, әсіресе құрылысқа байланысты жұмыстар бойынша. Тапсырыс беруші тарапынан шарттың тиісінше орындалуын бақылау құрылыс сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Мәселен, жұмыстарды орындау кестелерін, шарттардың орындалуы бойынша есептерді/ жалпы қолжетімді етіп жариялау, сондай-ақ шарттарды орындау мониторингіне қоғамдық кеңестерді тарту ұсынылады. Осы және өзге де өзгерістер жемқорлық көріністерін азайтады деп ойлаймыз. Мысал ретінде, жол саласын алайық. Ойланып көріңізші, тек 2023 жылы Ақмола облысында мыңдаған шақырым жергілікті маңызы бар автожолдарды салу және жөндеу бойынша 311 жобаны іске асыруға 75 млрд теңге бөлінді.
Жақында автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Владимир Кулаков: «Автожол саласында жобаларды іске асыруда проблемалар жеткілікті. Өзекті мәселелердің бірі-мердігердің жұмысты әлсіз ұйымдастыруы. Мәселен, проблемалық нысандардың бірі Ақкөл қаласындағы Т.Бигелдинов көшесін қайта жаңарту жобасы болып табылады:
оған биыл республикалық бюджеттен 700 млн теңге бөлінді. Алайда мердігердің жұмыстарды нашар ұйымдастыруына байланысты 500 млн теңгені кестеден озып жұмыс істейтін басқа объектілерге қайта бөлуге тура келеді», деп хабарлады.
Айта кету керек, болашақта бұл адал мердігерлік ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету үшін тиімді шара болуы керек. Бірақ бұл шара тиімді болуы үшін, ең алдымен, тапсырыс беруші нәтижеге принциптілік пен назар аудару қажет. Тапсырыс берушінің техникалық пен қоғамдық бақылаулар өз қолында, соны жүзеге асыратын институттар да жеткілікті. Осы орайда «нөлдік төзімділіктің» де ең негізгі мақсаты – қоғамды белсендіру екендігін есте сақтаған жөн, яғни қай-қайсысымыз болмасын кез келген құқық бұзушылыққа жайбарақат қарамауымыз керек. Сонда ғана қоғамымыз шынайы құқықтық мемлекетке айнала алады.
Ақмола облысы бойынша
«Жаңару» Жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қозғалысы»
РҚБ директоры Плюснин И.Г.
Пікірлер (0)