Қырғызстанда ел тарихындағы тұңғыш халық құрылтайы өтеді

Жаңалықтар
view 99
news

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел тарихындағы тұңғыш халықтық құрылтай (съезд) өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бірінші жалпыұлттық құрылтай 25 қараша Бішкекте өтеді.  Мемлекет басшысының баспасөз қызметі республика азаматтары қоғам мен мемлекет істерін басқаруға «тікелей де, өз өкілдері арқылы да» қатысуға құқылы екенін хабарлады. «Азаматтардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі, басқа да маңызды мәселелер бойынша құрылтай өткізуге құқығы бар», – делінген мәтінде. Жапаров мұндай шешімді республикадағы ұлтаралық келісімді одан әрі нығайту, азаматтық қоғамды шоғырландыру және әлеуметтік даму мақсатында қабылдаған. Бішкекте өтетін бірінші халықтық құрылтайда ұйымдастыру комитетін республиканың мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов басқарды. Қырғызстан заңы бойынша халық құрылтайы кеңесші орган мәртебесіне ие.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *