Түркия Қара теңізге газ құбырын салады

Жаңалықтар
view 270
news

Түркия Қара теңізден табылған табиғи газды келер жылдан бастап тасымақ. Қазір газ құбырының тек 50 шақырымы ғана бітпей тұр. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез ресми мәлімдемесінде: «Құрылыстарды арнайы кемелер арқылы жеткіздік. Оны су астындағы роботтармен құдықтардың басына орнатамыз. Жұмыс қызып тұр. Газ құбыры дәлізінің аяқталуына 50 шақырым қалды. 2023 жылы наурыздаа біз бұл газды құрлыққа жеткіземіз», – деді. Сонымен қатар алдағы уақытта Түркия мен Ресей табиғи газ саудасында рубль мен түрік лирасы арқылы есеп айырыспақ. Қара теңіздегі газ кен орындарында шамамен 540 миллиард текше метр қор бар. Олардың ең ірісі – Сакария кен орыны, оның қоры 400 миллиард текше метрден асады. Сакария кен орнын дамытуға Түркия 10 миллиард долларға жуық инвестиция салады. Бұл жерден бастапқы кезеңде тәулігіне 10 миллион текше метрге жуық немесе жылына 3,4-4 миллиард текше метр газ өндірілмек.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *