Лос-Анджелестегі орман өрті 10 мың үйді күлге айналдырды
Фото: Reuters
Лос-Анджелесте жалғасып жатқан орман өрті 11 адамның өмірін қиып, 10 мыңнан астам ғимаратты қиратты, деп хабарлайды janabastau.kz.
ОҚИҒА ЖЕЛІСІ
The Guardian басылымы Калифорния қаласында күшті жел мен ылғалдылықтың төмендігі әлі жалғасып жатыр деп хабарлады. Синоптиктердің болжауынша, бұл жағдай демалыс күндерінің соңына қарай орман өрттерінің қайта өршуіне әкелуі мүмкін.
Лос-Анджелесте қазірдің өзінде 10 мыңнан астам ғимарат өртеніп кетті. 11 адам қаза тауып, 180 мың адам эвакуацияланды.
КОМЕНДАНТТЫҚ САҒАТ
Малибу-Пасифик-Палисейдс Сауда палатасының басшысы Барбара Брудерлин өрттің салдарын «толық қирау және шығын» деп сипаттады.
– Дымы қалмаған аймақтар бар. Тіпті бір түп ағаш жоқ. Тек тақыр жер жатыр, – деді Брудерлин.
Бұл ретте билік тонаушылармен күресу үшін таңғы сағат 6-дан таңғы 6-ға дейін коменданттық сағат енгізді.
DW басылымы АҚШ Ұлттық гвардиясының мыңдаған сарбазы қараусыз қалған үйлерді қорғауға жұмылдырылғанын хабарлады. Олар зардап шеккен аймақтарды аралап, күдікті адамдарды ұстамақ. Қазірдің өзінде тонауға қатысы бар кем дегенде 20 күдікті ұсталды.
Еске салайық, Лос-Анджелестегі өрт 2025 жылдың 6-7 қаңтарында басталған. Калифорниядағы жаппай орман өрті тұсында қазақстандық дипломаттар штаттағы 73 студенттің қауіпсіздігін жіті қадағалап жатқандарын жеткізді.
Пікірлер (0)