Magnum басшылығы көпшіліктен кешірім сұрады

Жаңалықтар
view 749
news

Фото: ашық дереккөз

Magnum басшылығы әлемжеліде қызу талқыланып, қоғам назарын аударған даулы оқиғаға байланысты арнайы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.  

Компания жетекшілері ел алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, туындаған келеңсіздік үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

– Қадірлі тұтынушыларымыз, қымбатты отандастар! Соңғы күндері болған жағдай сіздердің де, біздің де көңілімізге кірбің түсірді.

Қазақ – сабырлы халық, кез келген түсініспеушілікті ақылмен шешкен елміз. 

Біз де осы дәстүрді ұстанып, қызметкеріміз бен клиентіміз арасындағы келіспеушілікті реттедік. Тараптар бір-бірімен татуласып, өзара кешірім сұрап, қол алысты. Бүгінде мәселе толық шешіліп, қызметкеріміз өз жұмысын жалғастыруда. 

Бәріміз қазақпыз. Осы елдің азаматымыз. Әрине, біз де қазақ тілін құрметтейміз. Ана тіліміз — басты құндылығымыз. 

Оны білу - әрбіріміздің асыл парызымыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді компанияның топ-менеджері Нияз Шапақов. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *