«Қазақша сөйле дейтіндерді шахтаға жіберу керек» деген вокалист жұрттың ашуын туғызды

Жаңалықтар
view 1190
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қоғамда тіл мәселесіне байланысты дау-дамай көбейген кезде Руслан Жайықбаев атты әнші қазақ тілінде сөйлеуді талап еткендерді "сөйлешниктер" деп атап, оларды шахтаға жұмысқа жіберуді ұсынған. Оның осы бір ауыз пікірі талқыланып жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

ӘНШІ НЕ ДЕДІ

Вокалист Магнумға қатысты дау-дамай өршіп тұрған кезде әлеуметтік желідегі парақшасында мынадай пікір қалдырған:

“Сөйлешниктерден құтылып, айдаладағы шахтаға апарып тастау керек. Сол жерден шықпасын. Сол жақта бір-бірімен сөйлесе бересін. Оларға провизияны тәртіппен беріп, кезекпен ғана жуындыру керек. Коменданттық сағат енгізсе бар мәселе бір сәтте шешіледі, – деп пікір қалдырған ол.

Әншінің бұл сөзі көпшіліктің шамына тиген. Көп адам оның парақшасын іздеп, қарсы пікір қалдырмақ болған. Алайда Жайықбаев аккаунтын жауып қойған. 

Вокалистің Ne Prosto Orchestra ұжымында екен деген ақпарат тараған аталған ұжым ресми мәлімдеме жасады.

Құрметті біздің тыңдаушылар мен оқырмандар! Әлеуметтік желілерде вокалист туралы туындаған қазіргі жағдай біздің де назарымыздан қалған жоқ. Ne Prosto Orchestra әртүрлі орындаушылармен бір реттік жоба негізінде жұмыс істейді. Концерт аясында шақырылған орындаушылар оркестрдің штаттық қызметкерлері емес және бұл олардың ресми жұмыс орнын білдірмейді. Олардың жеке пікірлері — олардың жеке жауапкершілігі. Оркестрдің ресми позициясын, сондай-ақ компанияның мақсаттары мен көзқарасын тек біздің ресми парақшамыз және оркестр жетекшісі Мадияр Тойболды ғана ақпарат бере алады және растай алады. Біз кез келген дискриминация мен жек көрушілік түрлерін айыптаймыз. Біз үшін музыка — бұл құрмет пен бірлік кеңістігі! – делінген мәлімдемеде.

Ұжым Жайықбаевты алдағы концерттерге шақырудан бас тартқалы отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *