Маңғыстау облысында екі адам оқ жарақатын алды
Фотосурет: видеодан скриншот
Маңғыстау облысында атыс болып, салдарынан екі адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ.
Өңірлік ПД-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 шілдеде оқ жарақатын алған екі жас жігіт ауруханаға түскен.
"Бұл фактіге қатысты кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер оқиғаның алдын ала мән-жайын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жанжалға қатысушылар анықталып, ұсталды", - деп мәлім етті облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиға салдарынан қаза болғандар жоқ.
Полиция өкілдері оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.
Пікірлер (0)