Маңғыстау тұрғыны өгей қызын зорлап, кейін өз-өзіне қол жұмсаған
Фотосурет: ашық дереккөзден
Маңғыстау облысында 13 жастағы қыздың зорлық көргені туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға өңірдің ПД өкілі пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
24 қаңтарда 102 жедел арнасының кезекші пультіне 13 жастағы қыз балаға жыныстық сипаттағы қылмыс жасалғаны туралы арыз түскен.
Алдын ала мәліметке сәйкес, заңға қайшы әрекетті оның өгей әкесі жасағаны анықталды. Ол 20 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсаған, - деді полиция.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді, - деді полиция.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам үйінің ауласынан өлі табылды. Оқиға Шетпе ауылындағы жекеменшік үйде болған.
Пікірлер (0)