Маңғыстауда жаңа суда құтқару станциясы ашылды

Жаңалықтар
view 34
news

Фотосурет: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстауда «Солдатский» жағажайында жаңа суда құтқару бекеті іске қосылды. Облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев аталған нысанның қызметімен танысты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ  ақпарат агенттігі.

Жедел-құтқару станциясы құтқару қайықтары және арнайы суда құтқару жабдықтарымен толықтай қамтамасыз етілген. Станциядағы құтқарушылардың негізгі міндеттеріне адамдардың өмірін құтқару, су айдынында профилактикалық іс-шаралар жүргізу, іздестіру-құтқару жұмыстарын атқару, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсенді қатысу кіреді.

Пунктте полиция мен медициналық қызметкерлері үшін арнайы орындар қарастырылған. Станцияда 15 құтқарушы жұмыс істейді, олар үш күндік кезекшілік ауысыммен бес-бестен қызмет етеді. Құтқарушылар арнайы дайындықтан өткен.

Облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев кешеннің жазғы маусымда және жыл бойы су айдынындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

-Теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен демалушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бұл орталықтың маңызы зор болмақ. Құтқарушылардың алаңсыз қызмет етуіне мұнда барлық жағдай жасалуда, - деді Аббат Өрісбаев.

Сонымен қатар, «4А»-шағын ауданындағы жағалаудың тазалық жұмыстарының жүйелі жүргізілуі мен демалушыларға қолайлы жағдайдың жасалуы да назардан тыс қалмады. Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Нұржаубай теңіз жағалауында тазалық жұмыстарының жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтті.

-Каспий теңізі жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 10-15 күнде теңіз температурасы жылынып, келушілердің саны артты. Демалушыларға қолайлы жағдай жасалуы қажет. Атап айтсақ, киім ауыстыратын жерлер мен жуыну бөлмелері сияқты инфрақұрылымдар маңызды. Жаңа құтқару станциясы мен жағалаудағы тазалық жұмыстары өңірдегі демалыс орындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған маңызды шараның бірі болмақ,-деді Асқар Нұржаубай.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *