Қазақстандағы әр төртінші азамат зейнетақысыз қалуы мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы
Қазақстандағы әр төртінші азамат зейнетақысыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Экономист Аман Әлімбаевтың айтуынша, елдегі экономикалық белсенді халықтың шамамен 24 пайызы — бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкерлер. Олардың көпшілігі зейнетақы аударымдарын мүлде жасамайды немесе тек айыппұлдан құтылу үшін ең аз мөлшерде төлейді. Бұл жағдай болашақтағы кедейліктің елеулі қаупін тудырып отыр.

– 2025 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша Қазақстандағы экономикалық белсенді халықтың шамамен 24 пайызы — бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкерлер. Олардың көбі тұрақты түрде зейнетақы жарнасын төлемейді, яғни тіпті ең төменгі базалық зейнетақыны да қалыптастырмайды. Кейін 50–60 жаста кеткен олқылықтың орнын толтыру қиын болады, әрі уақыт жағынан, әрі қаржылай. Көпшілігі тек ең төменгі мөлшерде төлейді, ал кейбірі жай ғана аударыммен жұмыс істейді (100-ге дейін аударым*), олар мүлде зейнетақы төлемейді. Мұндай адамдар саны мыңдап саналады. Сондықтан қартайғанда кедей болуы мүмкін, – дейді сарапшы.
Пікірлер (0)