Маңғыстаулық құтқарушылар Әзербайжан ТЖ министрінің бұйрығымен марапатталды
Фото: Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен
Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-полковник Кямаледдин Гейдаровтың бұйрығы бойынша, маңғыстаулық құтқарушылар «Әзербайжан әуе жолдары» ұшақ апатының салдарын жойғаны, құтқару операциясына қатысқаны үшін марапатталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Ынтымақтастық үшін» төсбелгісін Ақтау қаласындағы Әзербайжан Республикасының Бас консулы Айхан Сүлейманлы табыстады.
Марапатталған құтқарушылар:
• Сейталин Азамат Серикович;
• Аминов Тимур Владимирович;
• Айдаров Кани Манапович;
• Караев Саясат Мусаевич;
• Кенжегалиев Мажит Серикбаевич;
• Кулханов Азымбек Шиндаулетович;
• Кузембаев Ербол Ахметович;
• Мендибаев Наурызбек Ерланулы;
• Нугуманов Ардак Койшибекович;
• Тлеубергенова Айман Мынбаевна.
Фото: Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен
Фото: Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен
Еске сала кетейік, бұған дейін ұшақ апатының салдарын жоюға қатысқан маңғыстаулық құтқарушылар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен марапатталған болатын.
https://kaz.inform.kz/news/mangistaulik-kutkarushilar-azerbayzhan-tzh-ministrnn-buyrigimen-marapattaldi-ab8e9a/
Пікірлер (0)