Мәдениет қайраткері төлеубек көңбайұлы – 50 жаста

Жаңалықтар
view 51
news

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының негізін қалаушылардың бірі, театр және кино актері, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Төлеубек Көңбайұлының 50 жас мерейтойына орай Қосшы қаласының әкімі Г.Қасеновтің құттықтау хаты мен ықылас гүлін Ақмола облысы Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сабитова табыс етті. «...Сіздің талантыңыз бен шығармашылығыңыз Ақмола облысының ғана емес жалпы еліміздің руханияты мен мәдениетіне сүбелі үлес қосты. Шахмет Құсайынов атындағы облыстық музыкалық театрының негізін қалаушылардың бірі ретінде облыс театр өнерінің тарихынан ойып орын алдыңыз. Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің бейнесі сахнада, кинода сіздің сомдауыңызбен өте сәтті шыққан», делінген құттықтау хатта. Өнер иесінің шығармашылық апталығына орай 2024 жылдың 24 ақпан күні «КИОТОҒА ЖОЛ» қойылымының премьерасы болды. Бұл қойылым адам мен табиғат арасындағы байланысты өзек ете отырып, адамзатқа ортақ мәселелерді қозғайды. Өзгеше формадағы, ерекше қойылым үш бөлімнен тұрады. Театр және Кино майталманы Төлеубек Көңбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау, театр өнерін дәріптеу, көрерменге рухани нәр беру мақсатында актердің «Өнермен өрілген өмірім» деп аталатын шағын деректі фильмі көрсетіліп, «Суреттер» атты фотоальбомның тұсаукесері өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *