Мектепке бара жатқан оқушының телефоны мен ақшасын тартып алған
Жаңалықтар
172
Сурет: Ашық дереккөзден
Алматыда полиция көше қарақшысын ұстады, – деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Ол таңғы уақытта мектепке бара жатқан жасөспірімге шабуыл жасаған. Күдікті оқушыны күш көрсетемін деп қорқытып, оның телефоны мен 10 мың теңгесін тартып алған.
Жасөспірімнің анасы полицияға болған оқиға туралы хабарлады.
Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол – Жамбыл облысынан келген 20 жастағы адам.
"Айғақ зат тәркіленді. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Ұсталған адам қамауға алынды", – деп жазылған хабарламада.
Пікірлер (0)