МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДА
Сурет: Ашық дереккқзден
2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнатуды және білікті мамандарды даярлауға баса назар аударуды тапсырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміздің кем дегенде 3 жоғары оқу орнының базасында жасанды интеллект саласында білікті кадрларды даярлау және зерттеулер жүргізу қажет.
Цифрлық университеттердің моделі әзірленді, ол екі жоғары оқу орнының Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да базасында пилоттық режимде іске қосылды.
Цифрлық экономикаға бейімделген кадрлардың әлеуетін дамыту үшін Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System және Huawei сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнатылған.
2024 жылы 15 отандық жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша Google курстарын енгізуде, 12 000 студент Generative AI жобасына қатысады. Екі жоғары оқу орны (Абай атындағы ҚазҰПУ және Қ.Жұбанов атындағы АӨУ) Google for Education пилоттық жобасына қатысады.
NVIDIA-мен ынтымақтастыққа келетін болсақ, DLI жобасына 12 университет қатысады. 12 сертификатталған елші NVIDIA сертификаттарын алды, 1 оқытушы NVIDIA-дан DLI сертификатына ие болды.
Ынтымақтастықты дамыту және оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мақсатында Coursera, «Huawei Technologies Kazakhstan» LLP, Binance Kazakhstan сияқты ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, меморандумдарға қол қойылды. 35 ЖОО базасында Huawei ICT Academy құрылды, онда Huawei сертификатталған курстары ұсынылады. Binance Kazakhstan қолдауымен 22 ЖОО АКТ факультеттерінің 350-ге жуық оқытушысы блокчейн-технологиялар бойынша оқудан өтті.
Бүгінгі таңда Coursera-ның 102-ге жуық курсы қазақ және орыс тілдеріне аударылды. 2024 жылы 93 жоғары оқу орнының студенттеріне 40 мың лицензия бөлінді.
Қазақстандық студенттерге әлемнің жетекші университеттері мен профессорларының 20 мыңнан астам онлайн курсы мен AI бойынша 4 200 курсы қолжетімді. IТ бағыттар бойынша студенттерді OpenSearch жобасына тарту және салалық деңгейдегі тәжірибе жинақтау мақсатында ҒЖБМ мен Amazon компаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Министрлік 01 EduSystem компаниясымен инновациялық бағдарламалау мектептерін ашу аясында өзара ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жоба еліміздің 20 өңірлік жоғары оқу орнында іске асырылады, ал пилоттық жоба Yessenov University жүргізіледі. Оқытудың жаңа түрі – онлайн оқыту енгізілді.
Жоғары оқу орындарындағы цифрлық экожүйе де күшейтілді: барлық жоғары оқу орындары LMS (Platonus, Univer, Moodle және т.б.) платформаларына қосылған.
Бүгінгі таңда 17 жоғары оқу орнында 15 білім беру бағдарламасы бойынша 2000-нан астам студент жасанды интеллект саласын оқып жатыр. Сондай-ақ жасанды интеллект саласында мамандар даярлау үшін «Болашақ» бағдарламасы арқылы жыл сайын 100 стипендия бөлу жоспарланып отыр.
Пікірлер (0)