МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛАТЫН ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ АШЫҚ ӨТУІ ТИІС - ПРЕЗИДЕНТ

Редакция таңдауы
view 94
news

Үкімет орта бизнесті дамытудың тың тәсілдерін әзірлеуі керек. Бұл туралы VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Jańa Bastau газеті ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Ең бастысы, мемлекеттік қолдауға ие болатын жобаларды іріктеу ашық өтуге тиіс. Жобаның нақты әлеуметтік-экономикалық тиімділігін ескеру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда Президент Үкіметке депутаттармен бірлесіп, орта бизнесті дамытудың тың тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. «Өйткені, орта бизнес ел экономикасын дамыту ісінде басты рөл атқарады. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады», - деді Мемлекет басшысы. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетініне кепілдік беретінін айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *