"Мемлекеттік сыйлық сұрады" деп айыпталған Ханбибі Есенқарақызы сотқа жүгінді

Жаңалықтар
view 228
news

Ara24.kz

Белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызы Дулат Исабековтің асы кезінде мемлекеттік сыйлық сұрады деп айыптағандарға жауап беріп, оларды сотқа бергенін мәлімдеді,  деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ақынға қатысты сын пікірлер көптеп жазылған. Оның ішінде жазушы Құлбек Ергөбектің посты да бар. Ханбибі Есенқарақызы бұл жазбаны негізсіз деп есептеп, айыптаулардың ешқандай шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

"Маған тағылған айыптаулар ар-ожданымды таптағаны анық. Сотта өзімнің адалдығымды дәлелдеймін" – деді ақын.

Сонымен қатар, ол бұл әрекеттердің артында белгілі бір топтың тұрғанын меңзеді.

"Жас жігітті айдап салған кім екені айдай анық" – деп жазды ақын.

Ақын сот процесі барысында авторлар өз қателігін мойындаса, екі жақты келісімге келу мүмкін екенін де атап өтті.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, пікірталасқа себеп болды.

Оқи отырыңыз: Бақытжан Бұқарбай Ханбибі апамыздан кешірім сұрауы керек (видео)

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *