«Қатты қорықтым»: Гүлзира Айдарбекованың отадан кейінгі жағдайы белгілі болды
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Продюсер Гүлзира Айдарбекова отадан кейінгі жағдайын айтып, көпшілікке алғысын білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында операция алдында қатты қорыққанын жасырмады.
Оның айтуынша, бұған дейін жақындарының наркоздан оянбай қалғаны және өттегі тасқа жасалған отадан кейін асқыну болып, көз жұмғаны әсер еткен. "Иә, елдер түк емес дейді. Бірақ біраз жыл бұрын бір абысыным наркоздан қайта оянбай қалды. Кейін тағы бір туысымыздың өттегі тасын лазермен алғанда, қиығы қалып қойып, іріңдеп өмірден өткен. Содан кейін қорқынышпен жүргенім рас. Ота жасатқан адамдардың 99 пайызы аман-есен шығады, бірақ біреуінде қиындық болып жатады ғой. Аллаға сансыз шүкір, бәрі сәтті өтті", – деп жазды ол.
Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова операциядан кейінгі жағдайын да баяндады. Ол наркоздың әсері әлі тарап жатқанын, өзін әлсіз сезінетінін айтты.
"Наркоздың күші жаймен тарап жатыр. Көзім жұмылып, ұйқыға кетіп, қайта оянып жатырмын. Кейін толық жазамын, қазір әлсіздік бар. Бірақ бәрі өте сәтті болды. Дәрігер айтқандай, өтім қалды, тас алынды. Осы дәрігер өтті қалдырып ота жасайтын жалғыз маман екен. Бәріңізді құшақтап, сүйдім", – деді продюсер. Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова денсаулығына байланысты ота жасататынын айтып, халықтан дұға сұраған еді.
Пікірлер (0)