Нұрай Серікбай өлімі бойынша күдікті есі дұрыс деп танылды

Жаңалықтар
view 25
news
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайға қатысты іс бойынша тергеу аяқталуға жақын. Бұл жөнінде Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ. 

Оның сөзінше, күдікті жақын арада сот алдында жауап береді. Тергеушінің қаулысымен оған сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы да дайын болған.

Сараптама нәтижесі күдіктінің ақыл-есі дұрыс екенін көрсеткен, яғни ол заң алдында толық жауапқа тартылады.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай күдіктінің психикалық орталыққа жеткізілгенін айтып, оның жазадан жалтаруы мүмкін деген алаңдаушылық білдірген еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *