"Қылмыс әлемінің серкесі еді": Тәуекел Мүслім марқұм әкесінің мазарын көрсетті

Жаңалықтар
view 31
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Актер Тәуекел Мүслім марқұм әкесінің басына барып құран бағыштады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

"Шымкент пен Түркістанның ортасында Темірлан атты тамаша ауыл бар. Сондай әдемі жер. Бұны не үшін айтып отырмын? Өйткені ол жерде менің балалық шағым өткен, аз да болса осы мекенде әкеммен бірге тұрдым. Енді сол әкемнің басына өз балаларыммен келіп, құран бағыштамақшымын. Жүнісбеков Сабыр Мүслімұлы 1995-2010 жж. Әке, жатқан жеріңіз жайлы болсын", - деп жазды актер.

Желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

"Әкеңізді Оңтүстіктің бәрі жақсы таниды", "Мықты кісі болған. Жаны Жәннатта болсын", "Ниеттерің қабыл болсын", "Әкең бір аунап түскен шығар", деді олар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *