«Мен оның тоқалымын»: Мақпал Исабекова күйеуі жайлы айтты
Жаңалықтар
664
Сурет: Ашық дереккөзден
Желі оқырмандары әншінің күйеуіне қатысты сұрақтар қойды
Белгілі әнші Мақпал Исабекова күйеуі туралы сұрайтын оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі желідегі парақшасында жеке өмірін көрсете бермейді. Сол себептен көпшілік оған қызығушылық танытып жатады.
Оқырманының бірі «Неліктен күйеуіңізді көрсетпейсіз? Ол қарсы ма? Әлде ол сіздің күйеуіңіз емес пе?" деген сұрақ қойған. Өз кезегінде Мақпал Исабекова күйеуі туралы бірнеше нұсқа келтіріп, жауап жазды.
«Ол менің күйеуім емес. Ол үйленбеген. Ол ұсқынсыз. Ол бандит. Мен оның тоқалымын. Нұсқалар көп, өзіңізге ұнайтынын таңдап алыңыз. Маған бәрібір», – деп әзілдеді әнші.
Пікірлер (0)