"Менде ондай ақша жоқ": Астана тұрғыны өзін тойға шақырмауды өтініп, видеоүндеу жариялады
видеодан алынған кадр
Бибігүл есімді Астана тұрғыны өзін тойларға шақырмауды өтініп, видеоүндеу жариялады. Бұл туралы Janabastau.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Видеода жас қыз тойға баруға көп уақыт пен ақша кететінін айтып, шағымданады.
"Мені тойға шақырмауды ұсынар едім, себебі менде оған ақша жоқ. Түсініп отырсыздар ғой, мен әр апта сайын кемінде бір шақыру аламын. Мен оларды тіпті ашпаймын, себебі ішінде не барын білемін. Қазірге дейін оннан астам шақырту алдым. Бұл менің қалтамды ауыр тиіп жатыр", – дейді қыз видеода.
Сонымен қатар астаналық қыз көбінесе тойлардың әртүрлі қалаларда өтетіні және әр тойға жеке киім таңдау қажеттігі жағдайды одан әрі қиындататынын атап өтті. Бұған қарамастан, ол әрдайым жаңа отау құрған жастарға қуанышты екенін айтып, мүмкіндігі болса тойларға қатысатынын, бірақ қаржылық жүктеме өте үлкен болғандықтан барлық тойларға бара алмайтынын айтады.
Пікірлер (0)