«Мойындаймын»: әйелі «педофил» атаған блогер қыздармен қарым-қатынасы жайында шындықты айтты
Сурет: Ашық дереккөзден
Әйелі өзін «педофил» деп айыптаған блогер Қолғанат Жұмабаев халықтан кешірім сұрап, қыздарға деген жаман ойы болмағанын айтып ақталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, өзінің бұл дауға еш қатысы жоқ екенін айтты. Сұлулық салонын ашып, балалармен видеолар түсірген. Мұндай контент жасауды алғашыда әйелі Құлпынай ұсынған екен.
«Осы мәселенің анық-қанығын шешкім келеді. Мен ондай адам емес екенімді және ол қыздардың да мұндай қылықтары жоқтығын халыққа айтқым келеді. Құлпынай мені жаман адам, педофил деп көрсетіп жатыр ғой», - дейді өзін ақтағысы келген блогер.
Сөзінше, қыздармен құшақтасып түскен суреті ешнәрсені білдірмейді. Тіпті қыздарға жазған хаты да «ағалық» ретінде екен.
«Олар мені аға деп құрметтеп, сыйлап тұрғаннан кейін неге ағалық ақылымды айтпасқа. Басқалары мені солай қабылдап қалып жатыр. Бірақ мені қаншама жылдан бері танитындар бар. Жаман атым ешқайда шықпаған болатын», - дейді блогер.
Сондай-ақ, Құлпынайдың сөзін күйеуі жоққа шығарды. Оның бұл іс-әрекетін баласының денсаулығы мен қарыз себеп болуы мүмкін екенін айтты.
«Халықтан кешірім сұраймын. Он жыл бойы қаншама контент жасадым. Ешқандай арам ойым жоқ. Сіздер ондай бағытта қабылдап жатсаңыздар кешірім сұраймын. Білмей жатып, ғайбат айтпай, бірінші анық-қанығын біліп алыңыздар дегім келеді. Бұл ісім үшін кешірім сұраймын. Бірақ аға ретінде сыйлап тұрған соң, өзімді аға ретінде көрсетіп, солай жазған, түскен суреттерім болды. Мойындаймын. Бірақ осындай шу шығады деп ойламадым. Бірақ арамызда бала бар. Баламды қатты жақсы көремін», - дейді ол.
Сондай-ақ, қыздың анасы бұл іске Құлпынайға кінә артатынын жеткізді.
Пікірлер (0)