«Мыңбұлақ» кітабының тұсауы кесілді
Қосшы жаңалықтары
200
2 тамыз күні майталман өнер иесі, айтыс ақыны, күйші, публицист, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жанашыры Қадірхан Қизатұлы 60 жасқа толып, Қосшы қаласында шығармашылық кешін өткізді. Осы кеште ақынның "Мыңбұлақ" кітабының тұсауы кесілді.
Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы қала әкімі Г.Қасеновтің атынан ақынға құрмет көрсетіп, шапан жапты. Қазақстан Жазушылары одағының хатшысы, Астана филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы арнайы құттықтап, сый-сыяпат жасады. Кеште танымал өнер иелері ақынның өлеңдерін оқып, күйлері мен әндерін орындады. Туған ұлтына деген сүйіспеншілікті шетелде жүріп-ақ ұлықтап, қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуына айрықша үлес қосқан Қадірхан Қизатұлы «Қарымжы», «Қайран дәурен», «Сауға» жинақтарының авторы. Тарихи атамекеніне оралғаннан кейін де қазақ өнеріне, оның ішінде ауыз әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосуда. Қазақ фольклорына, әсіресе айтыс пен күй жанрына деген жанашырлығы ұлт руханиятының түгенделуіне, алтын қорда сақталуына қосылған қомақты еңбек! Мемлекет басшысының Жарлығымен 2021 жылы қала мәртебесі берілген Қосшының мәдени, рухани тұрғыдан дамуына да жасап жатқан еңбегі зор.Даулет АСАУ
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)