«Нағыз ашықтық осылай көрінеді»: Депутат Мәжіліс отырысына майкамен қатысқан адамның ВИДЕОСЫН жариялады
Фото: видеодан скрин
Парламент Мәжілісінде Құрылыс кодексі бойынша жұмыс тобының отырысына онлайн қатысқандардың бірінің майкамен отырған видеосы тарап жатыр, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл көріністі Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев байқап қалып, видеоға түсіріп, жариялаған.
Нағыз ашықтық дәл осылай көрінеді.
Бейсенбі күні Құрылыс кодекс бойынша жұмыс тобының отырысында бір қызық жайтқа көзім түсті.
Талқылауға қосылып отырған мамандардың бірі – кәдімгі үй жағдайында, майкамен отыр. Қолында – тамағы, жанында – сусыны. Солай отырып бізді тыңдап, талқылауға қатысып отыр.
Бір сәт ойланып қалдым.
Бұл – тәртіпсіздік емес.
Бұл – қолжетімділіктің белгісі.
Бұрын мұндайға ешқашан куә болмағанмын. Салада тәжірибем болса да, заң талқылауына дәл осылай еркін қатысу мүмкін емес еді, - дейді ол.
Депутаттың айтуынша, бұл Мәжілістің демократиялық жұмыс жүргізіп жатқандығының нақты дәлелі көрінеді.
Ал қазір — біз қандай форматта жиналсақ та, кәсіби орта өкілдері дәл сол уақытта пікірін қоса алады.
Кім кеңседе, кім жолда, кім үйде — бәрібір. Ең бастысы — қатыса алады.
Бұл – Мәжілістің ашық, қолжетімді және шын мәнінде демократиялық жұмыс жүргізіп жатқандығының нақты дәлелі.
Біз заңды кабинетте емес, саланың өз мамандарымен бірге ашық талқылап, айтысып, дәлелдеп жасап отырмыз.
Шынымды айтсам, назарымды аудармай қала алмадым. Тіпті видеоға түсіріп алдым.
Өйткені бұл – бүгінгі реформалардың мәнін көрсететін сәт, - деп жазды Болатбек Әлиев.
Пікірлер (0)