«Нұрайдын оқиғасы менің басымнан өтіп жатыр»: Қызылодалық бойжеткен өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты
Фотосурет: Жазира Қуанышбайдың парақшасынан алынды
Әлеуметтік желіде Жазира Қуанышбай есімді бойжеткеннің өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы айтылған жазбасы тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sadaq.kz-ке сілтеме жасап.
Тура Нұрайдын оқиғасы менің басымнан өтіп жатыр. Қызылордада тұрамын. Полиция мен прокуратураға арызды 2-3 рет жаздым. Жүрген жерімде 102 шақырып қайтамын немесе жалғыз жүрмеймін. Тек бір ғана жауап – мен тірімін. Прокуратура полицияға ысыра салды, бұндай істі қарамайтының айтты. Ал полицияға алдына барып бапты, сол адамның барлық дерегін бердім, аңдып жүрген фото-видео дәлел бәрі бар. Сонда да НОМЕНКЛАТУРАЛЫҚ ІС деп жабылды. Сонда мен Нұрай секілді Құдай сақтасын, қашан өлетінімді күтейін бе? Мен қашан емін-еркін, қорықпай жүре аламын?,– дейді ол.
Жазираның айтуынша, жарты жыл бойы әлгі ер адам үйінің, жұмысының алдында күтіп, мазалайтын көрінеді.
Бойжеткен еш алаңсыз үйіме қайтып, қорықпай емін-еркін жүргім келеді дейді. Қауіпсіздік шараларын бамтау үшін Е-өтініш бойынша 2 рет арыз жазған. Ал, полиция қызметкерлері ешқандай қылмыстық іс орын алмағандықтан, бұл іске салғырт қарап отыр. Жазира Нұрай Серікбайдың оқиғасынан кейін қатты қорқып, бұл іске бей-жәй қарамауды өтінді.
«Әрекет жасалып жатыр. Ең өкініштісі полиция қызметкерлері «жігіт болғасын ұнатып жүр ғой, сөйлесіп көрмедің бе?!», - дейді. Ол адамды ұнатпағасын «ЖОҚ» деп айтылған, сол әрекеттерден кейін болып тұрған жағдайлар. «Жоқ» дегенге түсінбейді»,– дейді.
Желі қолданушылары қызға қолдау білдіріп, «Жігіттің фото-видеосын жариялаңыз. Сізді заң қорғамаса, біз қорғаймыз» , «Сталкингке қарсы заң қабылдануы керек!» , – деп наразылықтарын жеткізді.
Пікірлер (0)