Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасын сотқа берді

Жаңалықтар
view 348
news

Коллаж Orda.kz

Алматы қаласы Түрксіб ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы экс-президенттің қарындасы Әнипа Назарбаеваға қатысты сотқа талап арыз түсірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

Orda.kz сайтының хабарлауынша Бұл ақпарат Алматы экономикалық сотының анықтамасында көрсетілген. Мемлекеттік орган «CDM Group» компаниясының сатып алу-сату шартын заңсыз деп тануды сұрауда.  

Жауапкерлер қатарында Әнипа Назарбаевамен бірге «CDM Group» компаниясы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және қазақстандық азамат Жанат Мамриева аталған.

Сотқа жүгінген компания бастапқыда «ТДА Транзит Алматы» деген атаумен тіркелген. Оны 2015 жылдың наурызында Әнипа Назарбаева мен Әли Қылышпаев құрған. 2017 жылдың наурызында компания Жанат Мамриеваға қайта тіркеліп, атауын «CDM Group» деп өзгерткен. Алайда, не себепті Сотта «CDM Group» компаниясын сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талаптың себебі құжаттарда көрсетілмеген.

Алғашқы сот отырысы 2025 жылдың 6 қаңтарына көрсетілгенмен сот процесі бойынша жаңа мәліметтер  жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *