Облыс әкімі Степногорск көпсалалы ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырды

Жаңалықтар
view 14
news

Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Степногорск қаласына барып, Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Өңір басшысы биыл негізгі корпустарында жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан бөлімдерді аралап көрді, сондай-ақ аурухана ұжымымен кездесті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Аурухананың бас дәрігері Бахтияр Рахимовтың айтуынша, акушерлік және гинекология, терапия, хирургия, рентгенология, физиолечение және сәулелік диагностика бөлімдері орналасқан корпуста күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын «КазевроСтрой» ЖШС жүзеге асыруда. А блогын жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар, ас блогын, гаражды және 1964 жылы салынған инфекциялық корпусты жаңғырту, сондай-ақ медициналық газдар жүйесін жаңарту жоспарда бар.

Өңір әкімі тері арқылы араласу (чрескожное вмешательство) бөлімінің жөндеуін 2026 жылдың наурыз айына дейін аяқтауды тапсырды.

Марат Ахметжанов жүргізіліп жатқан жаңғыртуға қарамастан, араласуды қажет ететін бірқатар өзекті мәселелер сақталып отырғанын атап өтті: Е және Г блоктарындағы жөндеу мерзімдерінің созылуы мен сапасы, кредиторлық берешектің тұрақты өсуі, кадр тапшылығы және бөлімдердің толыққанды жұмыс істеуіне жағдайдың жоқтығы. Өңір басшысы қаржыны игеру үшін науқастарды негізсіз госпитализациялау сияқты жағдайларға жол берілмеуі керектігін қатаң ескертті.

Жақсы маман жақсы еңбекақы алуы керек. Сондықтан мамандарды ұстап қалу үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру керек. Ұйымдастырудағы ақаулық осындай нәтижелерге әкелді, – деді өңір әкімі.

Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі денсаулық сақтау және мемлкеттік сәулет құрылыс басқармаларына және Степногорск қаласы әкімдігіне аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарын ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ қалыптасқан жағдайдан шығу бойынша нақты жоспар әзірлеуді, медициналық ұйымның қызметіне қатысты ай сайынғы тыңдалым өткізуді және корпус жөндеуінің графигін ұсынуды жүктеді. Сонымен бірге Степногорск қаласындағы медицина колледжі филиалына студенттер тарту мәселесін қарастыруды тапсырды.

Облыс әкімі медициналық инфрақұрылымды жаңғырту заң талаптарын қатаң сақтаумен, қаражатты тиімді пайдаланумен және халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасаумен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті.

Айта кетейік, Степногорск ауруханасы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасына енген. Соңғы екі жылда мекеме едәуір жаңартылған медициналық жабдықтарға қол жеткізді. 2,9 млрд теңгеден астам сомаға 156 бірлік техника сатып алынды: компьютерлік томограф, ангиографиялық қондырғы, рентген жүйесі, УДЗ аппараттары, эндоскопиялық кешендер және өзге де жоғары технологиялық жабдықтар. Құны 650 млн теңге болатын МРТ аппараты жеткізу сатысында.

Төрт блоктың күрделі жөндеуіне 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Құны 1 млрд теңге болатын тағы екі блоктың жобалары әзірленді. Бұған қоса инфекциялық және патологоанатомиялық бөлімдердің жобалары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *