"Омырауым ашық, оның ұят түгі де жоқ": Қазақ қыздарын ашық-шашық киінуге шақырған Баян Алагөзова тағы да елді шулатты

Жаңалықтар
view 2990
news

Фото: Әлеуметтік желіден

Атышулы продюсер Баян Алагөзова тағы да жұрттың қызу талқысына түсті. Бұл жолы көпшілік оны қазақтың оюын іш киімге жабыстырғаны үшін, елден оңбай сөз естіді. Жұрттың қатаң сынынан шаршаған Баян Алагөзова мұндай сыннан еш ұялмайтынын жеткізген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Сaravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Сіздер мені тағы да сынай берсеңіздер болады, бірақ мен өзім қалай дұрыс деп санаймын, солай жүре беремін…

Мына суретте менің омырауым ашық, бірақ мен одан еш ұялмаймын, себебі ол да аяқ пен қол сияқты дененің бір мүшесі. Сондықтан құдай берген сыр келбеттің түк ұяты жоқ деп санаймын. Осылай ұят деп ескінің көлеңкесінде қала берген сайын, бізге алға жылжымаймыз, керісінше кері кетеміз. Мен әлі де ақылдылар мен көзі ашықтардың көкірегі қараңғылардың жеңетініне сенімдімін», — деп жазды ол.

«Мен отыз жылдан бері шоу бизнесте жүрмін. Осы отыз жылда даттаудың да, мақтаудың да түр-түрінен өттім. Қазір тағы да халық мен және менің командамның қыруар еңбегін жоққа шығарып, таптап тастамақшы болып отыр. Бірақ маған қалай қиын, ащы болса да, мен ешқашан тоқтаған емеспін, керісінше, алдығы қарай ілгері баса бердім, деді Баян Алагөзова.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *