Оңтүстік Корея көршісі Солтүстік Кореяға бірнеше авиабомба тастады

Жаңалықтар
view 757
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Оңтүстік Кореяның әскери ұшағы Солтүстік Корея шекарасына жақын орналасқан Пхочхон қаласындағы тұрғын үйлер тұратын аумаққа абайсызда бірнеше авиабомба тастаған. Соның салдарынан кемінде жеті адам жараланды, деп жазады JANABASTAU.KZ Yonhap агенттігінің ақпаратына сүйненіп.

Оңтүстік Кореяның әскери әуе күштеріне сүйенген AFP-дің жазуынша, жойғыш ұшақтардың бірі жаттығу кезінде абайсызда сегіз бомбаны тастаған, нәтижесінде бейбіт азаматтар зардап шеккен. Әскерилер оқиғаға өкінетіндерін білдірді.

Оңтүстік Корея мен АҚШ бейсенбі күні Солтүстік Кореяға жақын Пхочхондағы полигонда бірігіп әскери жаттығу өткізген. Оған 160-тан астам әскери техника қатысқан.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *