Опасыздық жасадым, өкінемін: Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі еш жерде айтпаған шындығын баяндады
Сурет: Ашық дереккөзден
Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында опасыздық жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды janabastau.kz ALASH.KZ-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Ляйсира мен Тұрсын отбасылы болған кезде, ол оған қатаң талап қойған.
Әйел сол талапқа бағынғанымен, бүгінде ол Алагөзовтің еркіне мойынсұнуын өз-өзіне опасыздығы деп бағалайды.
“Бір кезде ажырасқан құрбыларыммен араласуды доғардым. Себебі күйеуім солай талап етті: “Олармен араласуға болмайды”. Ол маған ультиматум қойды: Таңда — мен бе, әлде олар ма? Мен… оны таңдадым. Сол сәтте мен өз болмысымды құрбан еттім. Ажырасқаннан кейін қайтадан өзін тауып, еркін өмір сүріп жатқан құрбыларыма опасыздық жасадым. Өзім де ажырасқан соң, құрбыларымнан кешірім сұрадым. Қазір біз қайтадан араласамыз”, – деп жазды Instagram парақшасында Ляйсира Марат.
Бұған дейін Баян мен Тұрсын Алагөзовтер қыздарының қайсысы оларды көбірек жақсы көретінін анықтаған болатын.
Пікірлер (0)