Оқу-ағарту министрі педагогтерге сүйінші жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 113
news

Фото: видеодан скрин

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстандағы пән мұғалімдері «педагогтердің білімін бағалау» тестілеуінен босатылатынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Министр аймақтық Білім басқармаларына тиісті хатты жібере сала, мұғалімдерден сүйінші сұраған.

Құрметті ұстаздар. Сіздерге арналған сүйінші жаңалығым бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, «Педагогтердің білімін бағалау» тестті, яғни, ұстаздарымыздың пәндік білімін бағалау тестілеуі тоқтады. Өте жақсы болды! Президент сіздерге зор сенім артып, жанашырлық танытты. Баршаңызды құттықтаймын. Тиісті хат Білім басқармаларына бүгін жолданды, - деді министр түнгі сағат 00.00 шамасында көлік ішіндегі видеосын жүктей отырып.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *