Оразалы Досбосыновтың ұлы әке аманатын ашты…

Жаңалықтар
view 171
news

Сурет: видеодан кадр

Белгілі айтыскер ақын, марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы әлеуметтік желіде ата-анасының суреттерін жариялап, әкесінің жүрекке жетер өсиет сөздерін көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Жас жігіт ақынның рухани мұрасын еске алып, сағынышын өлең жолдарымен жеткізді. Ол парақшасына әкесінің қастерлі шумақтарын жүктеді:

«Мендегі ақтық сауалдың сүтіп сауар кім?
Қозы мен Баян қауышып жатқан мазардың.
Есігін еркем сенімен бірге қағармын,
Не дейсің, Ажарым?!»

Тағы бір жазбасында ол ақынның жарына арнаған мөлдір сезімін келтірді:

«Саған деген көңілім ақ, арам емеспін.
Сен бірақ та мен үшін адам емессің,
Сен – Періштесің!..»

Сондай-ақ, Досбосыновтың өмірлік өсиеті ретінде қалдырған мына сөздері де көпшіліктің жүрегіне жетті:

«Әке болғанға мақтанба, бірінші адам бол. Әке дегізген жарыңды құрметте».

Әлеуметтік желі қолданушылары ақынның мәңгілікке қалған жырларын еске алып, Оразалы мен жары Ажардың адалдығын үлгі еткен жылы пікірлерін қалдырды.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *