Өрт өршіп тұр
Жаңалықтар
124
Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында тағы 11 адамның мәйіті табылды. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Орман шаруашылығының жоғалып кеткен үш қызметкерінің мәйіті табылған. Осылайша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.
Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 237 техника жұмылдырылып, 11 тікұшақ тартылды. Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет жалпы көлемі 410 тонна су төгілді. Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері 263 рет жалпы көлемі 590 тонна су төгілді.
Пікірлер (0)