ОСК: 111 халықаралық байқаушы аккредиттелді, тағы 52 байқаушы ұсынылды
Сайлау
86
19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауы барысын бақылайтын 111 халықаралық байқаушы аккредиттеуден өтті, деп хабарлайды janabastau.kz «Қазинформ» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, 26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген.
Сондай-ақ, ОСК отырысы барысында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретіні айтылды.
«2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын халықаралық байқау институты ашылғаннан бері Орталық сайлау комиссиясы 14 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 111 байқаушыны аккредиттеуден өткізді», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман. «2023 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 2 шет мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 52 байқаушыны аккредиттеуден өткізу ұсынылды», - дейді ол.
Пікірлер (0)