«Отымды өшірмеймін»: Туған күнінде тортты үрлемеген Ұлықпан Жолдасовтың әрекеті талқыға түсті

Жаңалықтар
view 26
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Белгілі сазгер Ұлықпан Жолдасов 60 жасқа толып, мерейтойын жұмыс орнында әріптестері мен жақын достарының ортасында атап өтті. Құттықтауға келгендер оған арнайы торт әкеліп, ақжарма тілектерін білдірген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда мерекелік сәт барысында сазгер торттағы шырақты үрлеп өшіруден бас тартты. Ол жиналғандарға отты үрлеуге болмайтынын бірнеше рет ескерткен.

Соған қарамастан, құттықтаушылардың бірі шырақты тым болмаса қолмен өшіруді ұсынған. Нәтижесінде Ұлықпан Жолдасов амалсыздан шырақты қолмен сөндірген. Бұл көрініс желіде тараған бейнежазбадан байқалады.

Сазгердің бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің түрлі пікірін тудырды. Кей қолданушылар:

«60 жасқа торттың қажеті қанша, одан да шапан жауып, құрмет көрсетіп, әнін шырқатса жарасар еді», «Отты үрлеп өшірмегені дұрыс, бұл – мәдениетті қадам» деп жазды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *