«Өзімді ерекше бақытты жан санаймын»: Димаш тосын сый жасады (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 125
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Роза Рымбаеваның сахнада өнер көрсетіп жүргеніне 50 жыл толуына орай өткізген есеп беру концертінде күтпеген жайт болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Концертке әншінің өнердегі інісі, шәкірті Димаш Құдайберген арнайы қонақ болып келіп, өзінің ақ тілегін білдірді.

Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Роза Қуанышқызына сіздердің алдарыңызда мың рет тағзым еткім келіп тұр. Неге десеңіздер, жастайымнан маған Роза апайымыз рухани тұрғыдан ұстазымыз болды, үлкен өнеге көрсетті. Сізбен бірге талай мәрте сахнаға шыққан өзімді ерекше бақытты жан санаймын. Жасай беріңіз! Сахнада жүргеніңізге 50 жыл уақыт болыпты. Сіздің қартайғаныңызға жол бергіміз келмейді. Қазақ өнері үшін әлемге нұр шашып жүре беріңіз, – деді Димаш Құдайберген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *