Ақтауда тағы бір 11 айлық баланың өкпесінен бөгде заттар табылды

Жаңалықтар
view 101
news

Фотосурет: дереккөз

Проктолог-эндоскопист Әйгерім Бекмұханбетова Instagram-дағы парақшасында Ақтауда бір дәрігердің баланы аман алып қалғаны туралы оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ақтауда 11 айлық сәби балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жөтелмен және алдын ала «Бронхиалды астма» диагнозымен түскен.

Төрт ай бойы бала дәрігерлердің бақылауында болып, «Бронхиалды астма» диагнозымен есепте тұрған. Алайда жақында оның жағдайы күрт нашарлап, қатты ентігу пайда болған. Сәби ауруханаға жатқызылып, қабылдау бөлімінде бірден рентген түсірілген. Рентген нәтижесінде өкпеден бөгде зат анықталған, – деп жазды проктолог-эндоскопист.

Дәрігердің мәліметінше, эндоскопистер балаға бронхоскопия жасап, өкпеден тағы бір бөгде зат – күнбағыс дәнінің қабығын тапқан.

Рентгенде көрінген заттар ұзақ уақыт бойы бронхиалды астма ретінде «жасырынған». Яғни, сәби бірнеше ай бойы өкпесіндегі темір бөлшекпен өмір сүрген. Егер бала тұншығып, өкпесіне дән қабығы түспегенде, ол бұл затпен әрі қарай да жүре берер еді. Ал дәрігерлер оны нәтижесіз түрде бронхиалды астмадан емдеуді жалғастырар еді, – деді Әйгерім Бекмұханбетова.

Оның айтуынша, бөгде заттар алынғаннан кейін баланың жөтелі толықтай тоқтаған.

Барлық анамнез ата-анасының сөздері негізінде жиналды. Ақпаратты Маңғыстау облысынан әріптесім, дәрігер Роллан Елеусінов ұсынды, – деді дәрігер.

Еске сала кетсек, осындай жағдай 2024 жылы да тіркелген болатын. Ол кезде де маңғыстаулық дәрігерлер тыныс алу жолына бөгде зат тұрып қалған 11 айлық баланы аман алып қалған-ды. Оқиға Қарақия ауданының Болашақ ауылында болған. Дәрігерлер «Фолея» катетерінің көмегімен өңештің жоғарғы үштен бір бөлігінен бөгде зат – кіреберіс есіктің сынған бөлшегін алып шыққан.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *