Қазақ қыздарын кемсіте сөйлеген шетелдіктер қамауға алынды

Жаңалықтар
view 107
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Қазақстанда шетелдік стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренатко әлеуметтік желідегі стримде қазақ қыздарына қатысты ойсыз сөздер айтқаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екі шетел азаматына қатысты Медеу ауданы полиция басқармасында әкімшілік іс қозғалған. Тексеру кезінде олардың қоғамдық тәртіп нормалары мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бейәдеп сөздер қолданғаны анықталған.

Материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданып, сот шешімімен екеуі де 15 тәулікке қамауға алынды.

Оқиға кезінде Анар мен Ренатконың жанында болған медиафутбол командасы Lit Energy өкілі Равшан да қамау туралы ақпаратты растады. Ол стримерлердің әрекеттері үшін кешірім сұрады.

Анар мен Ренаткоға 15 тәулік әкімшілік қамау тағайындалды. Біз олармен байланыстамыз және қажетті қолдау көрсетіп жатырмыз. Біз де, олар да ешкімге жамандық жасағымыз келген жоқ. Бейәдеп сөздер үшін барлығынан кешірім сұраймыз,  деді Равшан.

Полиция интернет кеңістігі жауапкершіліктен тыс аймақ емес екенін еске салып, әлеуметтік желілердегі әрекеттер мен пікірлер қоғамдық орындардағы мінез-құлық сияқты заң аясында бағаланатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *